Жұбановтар әулетіне, екі ірі тұлғасы мен ұрпақтарына үнемі қайран қаламын. Бала кезімізде Атырау облысы, Қызылқоға ауданында домбыра тарту мен карта ойнау адамдардың ермегі еді. Нағашы жеңгем Санжан апаның бір айтқаны есімде: Құдалардың Ауылына барғанда (Миялы не Жангелді ауылы) төр бөлмеде жерде жағалай отырған адамдар бірінен соң бірі домбыраны алып, кезекпе кезек тарта жөнелуші еді, таң қалатын едім. Мен бұны көрген жоқпын, бірақ мәдени орындарда Құрманғазының рухы шарлап, күйлер жиі орындалушы еді. Күйді тыңдағанды жақсы көретінім содан қалыптасса керек Мен тағы бір қайран қалдырғаны Ахмет Жұбанов пен айнымас дос Брусиловскийдің әуелі дос кейін қас болып кеткен і, Мұқан Төлебаевтың кешірім сұрауы бәрі бәрі әрі сабақ, әрі тағылым. Айтпақшы, менің жұмыс орным Құрманғазы көшесінде орналасқан. Енді түсіндім не үшін Құрманғазымен аталғанын, кім ықпал еткенін. Өзің тұратын көшенің мәнісін білген жақсы ғой. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбеде мемлекеттік универстьетін оқыдым. Ол кісінің баласы Асқар Құдайбергенұлы Жұбановпен қызметтес болдым. Abai TV рахмет. Керемет бағдарлама. Толқып отырып тыңдадым