«Өз өміріме ризамын, әр түрлі жағдайлар болдығой енді, қиыншылықта, трагедияда болды,соның бәрін философский бастан өткізу керек, енді мынау Бағдат тура Майраның өзі…»💔🥀
Қайырлы күн Қазақ елі. Әуелі Алла содан кейін мына деректі фильмді түсіруге атсалысқан еңбегі сіңген кісілерге алғысымды білдіремін. Үзбей көріп шықтым және өте риза болдым. Асанәлі атам көз алдыма елестеп, жасыратыны жоқ еріксіз көзге жас келді. Асанәлі ата аңыз адамғой шіркін,өзі арамыздан кетседе,Есімі мәңгілік ел есінде қалады деп сенемін. Есімім Дәуренбек, өзім Асанәлі атамызбен бір Ғимаратта 18-жыл болыпты жұмыс жасап келгеніме. Асанәлі атам осы уақыт ішінде өз туған атамдай болып кетті десем қателеспеймін. Осындай аңыз адаммен бір Ғимаратта жұмыс жасап күнде болмаса да.әр келген сайын көріп.ол кісімен амандасып хал сұрасу біз үшін мәртебе болатын. Жас кезімізден Қыз Жібек фильмін көріп өстік, барлығыңызға белгілі Бекежан рөлін сомадаған болатын. Тек қана теледидардан көріп жүретін атамызды өмірде жолықтырып сөйлесемін деп те ойламаған едім. Аллаға сансыз мақтау-мадақтар болсын осындай Аңыз адаммен жолықтырған. Асанәлі атамыз жайлы жазатын болсам том-том кітап болатын шығар) Мен бір жазушы емеспін әрине, бірақ Асанәлі атамыз жайлы жазғым келіп тұрады. Жаңа бас жағында интервьюде Ләзиза ханым сұрап қалды ғой, сіз өмірге аптемистік көзқараспен қарайсызба деп, ия ол кісі тура сондай болатын, бір нәрсені қайғырып жүргенін көрмеген екенмін, әрдайым қалжыңдап сөйлеп отыратын. Ондай болуына Әуелі Алла одан кейін Бағдат тәтеміздің көп көмегі тиді деп ойлаймын. Бағдат тәтеміз шіркін,сол Атамыз үшін уайымдап, атамыз үшін күйіп-пісіп Аскен,Аскен депжүгіріп жүретін) сол үшін де атамыз көп уайымдамады деп ойлаймын. Асанәлі атам Ғимаратқа кіріп келгенде ең бірінші сұрайтыны Ұры-Қарыдан амансыңдарма әй деп бір күліп алатын,тіпті көңіл күйі жақсы болса мені көрсе Дәурен ай- Дәурен ай , салдың мені әуреге ай деп әндететін кіретін кездері де жиі болатын. Әрі қарай кейде өзі екінші қабатқа көтеріліп кететін, кейде шаршап тұрса қолды әкел деп қолымнан ұстап бірге шығатынбыз. Қолда бар алтынның қадірі жоқ демекші, сол кездерде онша қадірін білмеген екенбіз, оны енді өзі арамыздан кеткен соң сезініп, біліп жатырмыз. Өкініш болады екен іштей , тірі кезінде неге олай жасамадым неге бұлай жасамыдым деген. Адам баласы табиғатынан солай жаратылады екен, амал нешік. Асанәлі атамның қырық күндік асында, Күнделік кітабын таратты, сол кітабын оқып бастадым. Сол Күнделік кітапты оқып бастағанда менің түсінгенім, 18-жыл көріп жүрген Асанәлі атамды мүлдем танымаған екенмін. Сол Күнделікті оқып бастағалы Бағдат тәтенің бақытты әйел екенін білдім, өйткені сол кітапта ең көп аты аталған Бағдат тәте екен. Күйенінің разылығын алған әйел ең бақытты әйел болса, сол әйел Бағдат тәтеміз екен, оған дәлел Атамыздың өзі кеткеннен кейін жарық көрген ,,Мен Актермін мың өліп мың тірілген" атты Күнделік кітабы. Әңгімемді бір жақсы сөзбен аяқтағым келіп тұр, Қазақта айтады:Адамның тірісінде өсектен аманы жоқ, Өлгенде жаманы жоқ-деп,сол айтпақшы атамыздың артынан да әртүрлі әңгімелер жүрді жасыратыны жоқ, Егер Асанәлі атамызды шынайы білгіңіз келсе ,,Мен актермін мың өліп мың тірілген" деген күнделік кітабын оқып шығуға кеңес беремін , оқып шығыңыздар өте қызық кітап. Қазіргі болып жатқан өмірдегі жағдайлар,ұсақ-түйегіне дейін жазылған. Міндетті түрде оқып шығыңыздар , өкінбейсіздер. Ләзиза ханым сізге сәттілік тілеймін,еңбегіңіз бағалана берсін. Осындай байлықтырымызды бағалап, сол кісілер жайлы Фильмдер түсіріп Халыққа көрсетіп,танытып жүресіз. Рахмет сізге!